«Жылқыда да жылқы бар, қазан аты бір бөлек»

Алматы ипподромында осы маусымдағы үшінші ат жарысы өтеді, деп хабарлайды SportX.kz.  

3-маусымға жоспарланған спорттық шараның аясы кең.Мерекелік шара күні қала тұрғындары мен қонақтары шашасына шаң жұқтырмайтын сәйгүліктер жарысымен қатар түрлі спорттық көрсетілімдерге куә болады.Бағдарлама аясында кәсіпқой шабандоздар өз өнерлерін ортаға салса,біз үшін экзотика саналатын  құлан тұқымдас аласа жылқы (пони) бәйгесі жарысқа ерекше көрік бермек.Ал,ауыздығынан  жел ескен, асыл тұқымды тұлпарлар бәйгесі көрермендерді қиқуға бастырып,сәйгүліктерге шабыт берері анық.

 

Пікір жазыңыз