Самат пен Саян қазақ хоккейінің жарқын болашағы

27- желтоқсан күні Ванкуверде (Канада) шайбалы хоккейден элиталық дивизионды құрайтын Жастар құрама командалары арасында әлем чемпионаты басталады. «В» тобынан табылған еліміздің жас хоккейшілері алдағы сында Финляндия, Словакия, Швеция және АҚШ құрамаларымен күш байқасады, деп хабарлайды SportX.kz.

Канадаға ерте жетіп алған қазақ хоккейшілері чемпионатқа дайындық аясында жергілікті студенттік клубтармен төрт жолдастық матч өткізді. Канадалық студенттерге есе жібермеген жастарымыз соңғы жолдастық матчта Швейцариядан ұтылып қалды.

Осы ойындарды қорытындылай келе жаттықтырушылар штабы әлемдік додада ел намасын жыртатын команда құрамын бекітті.

Чемпионатқа аттанған команда құрамы:

Қақпашылар:
Демид Еремеев («Снежные Барсы»)
Денис Каратаев («Снежные Барсы»)
Владислав Нурек («Алтай»)

Қорғаушылар:
Самат Данияр («Снежные Барсы»)
Валерий Орехов («Снежные Барсы»)
Евгений Шинкарецкий («Снежные Барсы»)
Ернар Мұсабаев («Снежные Барсы»)
Ярослав Хрипков («Алтай Торпедо»)
Артем Королев («Снежные Барсы»)
Давид Муратов («Снежные Барсы»)

Шабуылшылар:
Саян Данияр («Снежные Барсы»)
Артур Гатиятов («Снежные Барсы»)
Давыд Макуцкий («Снежные Барсы»)
Иван Верещагин («Снежные Барсы»)
Айдос Жорабек («Снежные Барсы»)
Батырлан Мұратов («Снежные Барсы»)
Олег Бойко («Снежные Барсы»)
Диас Гусейнов («Снежные Барсы»)
Максим Мусоров («Снежные Барсы»)
Андрей Буяльский («Темиртау»)
Руслан Демин («Темиртау»)
Дмитрий Митенков («Снежные Барсы»)
Данил Третьяковский («Алтай Торпедо»)

Жарыс кестесі:
27.12.18 — Финляндия — Қазақстан 19:30
28.12.18 — Қазақстан — США 19:30
30.12.18 — Қазақстан — Словакия 19:30
31.12.18 — Швеция — Қазақстан 15:30
02-05.01.19 —  ширек финал, жартылай финал және ақтық сын.

Пікір жазыңыз