«Манчестер Юнайтедке» сэр Фергюссонның көмегі қажет

«Манчестер Юнайтедтің» бұрынғы бас жаттықтырушысы Алекс Фергюссон команда қосына қайта оралатын болыпты. Белгілі маманды клуб қожайындары бас жаттықтырушы қызметі міндетін атқарушы Уле-Гуннар Сульшердің кеңесшісі ретінде шақырыпты, деп хабарлайды SportX.kz.

Талай жыл команда тізгінін ұстаған Алекс Фергюссонның Англия футболы әлемінде алар орны ерекше. «Манчестер Юнайтедке» норвегиялық маман Уле-Гуннар Сульшерді шақырғанды жөн санаған көпшіліктің арасында 76 жастағы сэр Фергюссон да болыпты. Енді әйгілі маман Сульшермен бірге «Манчестер Юнайтедті» чемпиондық атаққа жетелейтін болады.

Сульшер манкуниандықтардың бас жаттықтырушысы қызметі міндетін атқарушы болып 18- желтоқсан күні тағайындалған. Футболшы ретінде 1996-2007 жылдар аралығында «МЮ» сапында өнер көрсетіп, алты рет Англия Премьер лигасының чемпионы және чемпиондар лигасының жеңімпазы атанған.

1986-2013 жылдар аралығында «МЮ» тізігін ұстаған сэр Фергюссонның атақ-даңқы алысқа жеткен. Осы жылдар ішінде шотландиялық маманның командасы бақандай 38 турнирдің бас жүлдесін иеленген.

 

Пікір жазыңыз