«Адмирал» Астанада тізе бүкті (ВИДЕО)

Астананың «Барысы» қыр асып бара жатқан ескі жылы өз жанкүйерлері алдында соңғы матчын өткізді. Абырой болғанда тартысқа толы бәсекеде астаналық хоккейшілер 4:3 есебімен «Адмиралдан» (Владивосток) алда болды, деп SportX.kz.

Қарап жатпай бірден ашық ойынға кіріскен хоккейшілер алғашқы үзіліске дейін көрермендерді көңілінен шығатын ойын көрсетіп, таблодағы цифрлар қайта-қайта жарқылдады. Кездесудің 4-минутында Андре Петерссон мен Даррен Диц ұйытқы болған комбинацияны нәтижелі соққымен түйіндеген Роман Старченко алаң иелерін алға шығарды. Көп кешікпей ойын алаңында төрт хоккейшімен қалған қонақтар екінші рет қапы қалды. Бұл жолы Дастин Бойд көзге түсті. Бірақ асып-саспаған «Адмирал» айналдырған екі минут ішінде таразы басын теңестіріп кетті. Мұнымен шектелмеген қонақтарымыз есепті теңестіргені былай тұрсын, үзіліске бірлі-жарым минут қалғанда Карел Кубаттың күшімен алға шығып та үлгерді. Бірақ араға санаулы секундтар салып Патрис Кормье мен Виктор Сведберг бастаған шабуылға нүкте қойған Андре Петерссон таблодағы есепті теңестіре алды.

Кездесудің екінші бөлігінде таблодағы нәтиже өзгеріске ұшырай қойған жоқ. Жанкүйерлер алдында намысты қолдан бермеуге күш салған астаналықтар түбі жеңісті жұлып алды десек те болады. «Барысқа» жеңіс сыйлаған шайбаны Мэтт Фрэттин соқты.

Жыл соңына дейін Президенттік клуб КХЛ тұрақты чемпионаты аясында тағы екі матч өткізеді. 28-желтоқсан күні Челябіде жергілікті «Трактормен», ал араға екі күн салып Омбыда «Аванагардпен» ойнайды.

Бас демеуші — «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры»

 

Пікір жазыңыз

Ваш электронный адрес не будет опубликован.