Аслан- үздік супервайзер

Азия бокс конфедерациясы жыл қорытындысы бойынша үздіктерді анықтады, деп хабарлайды SportX.kz.

Қазақстан бокс федерациясы төрешілер корпусының жұмыс жөніндегі координаторы Аслан Игібаев жылдың үздік супервайзері болып танылды. Аслан Әмірбекұлын дауыс берушілердің 34,7 проценті қолдаған. Сондай-ақ үздік үштіктің қатарына Шелли Шеловати Соджоно (Индонезия) және Мохаммед Камел Шбиб (Сирия) еніпті.

Оның жеңісіне ұйым мүшелерінің 34,7 пайызы дауыс берген.  Үздік үштікке Индонезия өкілі Шелли Шеловати Соджоно мен сириялық Мохаммед Камел Шбиб енген.

Аслан Игібаев осымен екінші рет (2017) Азия бокс федерациясының үздік супервайзері атанып отыр.

Пікір жазыңыз