Усик-жыл боксшысы

Бірінші ауыр салмақ дәрежесіндегі әлемнің абсолюттік чемпионы Александр Усик ESPN версиясы бойынша жыл боксшысы атанды, деп хабарлайды SportX.kz.

Украйналық боксшы 2018- жылы керемет табыстарға қол жеткізе алды. Жыл бойы үш кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен Александр Усик, қарсыластары Майрис Бриедис, Мурат Гассиев және Тони Бельюге  дес бермеді.

Осы жылы бұл атақтан Усиктің отандасы Василий Ломаченко, Майки Гарсия, Энтони Джошуа және Морис Хукер сынды боксшылар да үміткер болған екен.

Мұның алдында яғни былтыр ESPN жыл боксшысы атағына Кормьені лайық деп тапқан екен.

 

 

Пікір жазыңыз