Теннисші қыздарымыз орындарын жоғалтпапты

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жеке және жұптық разряд бойынша жаңартылған рейтинг кестені жариялады, деп хабарлайды SportX.kz.

Жаңадан жарық көрген рейтингте қазақстандық теннисшілер бұрынғы позицияларын сақтап қалыпты. Еліміздің бірінші ракеткасы Юлия Путинцева -44- ші, Зарина Дияс -89-шы орында. Румыниялық Симона Халеп көштің алдына түссе, неміс қызы Анжелик Кербер екінші, ал даниялық теннисші Каролин Возняцки алғашқы үштікті түйіндепті.

Жұптық разряд бойынша Галина Воскобоева — 63-ші, ал Анна Данилина -144 орында тұр.

 

Пікір жазыңыз