Шахматтан өлем чемпионы Магнус Карлсен 16 жастағы өзбектен ұтылды

Санкт-Петерборда (Ресей) рапид және блиц бойынша шахматтан әлем чемпионаты жалғасуда, деп хабарлайды SportX.kz.

Чемпионаттың төртінші турында қазақтың қос аруы Динара Сәдуақасова мен Жансая Әбдімәліктің жолы түйісті. Бірін-бірі жақсы білетін жерлестеріміздің арасындағы бәсекеде таразы басы тең түсті, Есеп- 0;5:0,5. Мұның алдындағы кездесулерде Жансая мен Динара Ресей, Моңғолия, Грекия және Германия шахматшылармен жолығып, барлық ойындарда жеңіске жеткен.

Артта қалған сегіз турдың нәтижесі бойынша әзірге 7 ұпай еншілеген өлем чемпионы қытайлық Цзюй Вэньцзюнь көш бастап тұр. Украйналық Мария Музычук (6,5 ұпай) екінші, ал оның соңынан 6 ұпайдан олжалаған ресейлік шахматшылар Бибісара Асаубаева, Александра Горячкина және Екатерина Лагно келеді.

Ерлер арасындағы турнирде сенсация орын алғанын айта кетейік. Классикалық шахматтан жақында ғана чемпиондық атағын қорғаған норвегиялық майталман Магнус Карлсен қатарынан екі рет мүлт кетті. Алғашқы турда украйналық Адам Тухаевтан ұтылған чемпион , келесі турда 16 жасар өзбекстандық гроссмейстер Шамсиддин Вахидовқа есе жіберді.

Жүлде қоры 1 миллион долларды құрайтын жарыс 31- желтоқсанға дейін жалғасады.

 

Пікір жазыңыз