«Барыс» хоккейшілері «Локомотивті» басып оза алмады (ВИДЕО)

Астаналық «Барыс» КХЛ тұрақты чемпионаты аясында «Локомотивтен (Ярославль) ұтылып қалды, деп хабарлайды SportX.kz.

Астанадағы бәсеке 1:2 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді. «Локомотивтің» қақпасынан табылған жалғыз шайбаны Роман Старченко салды. Соңғы ойындарда бір жеңіп, бір жеңіліп жүрген «Барыс», Шығыс конференцияның турнир кестесінде бесінші орында келеді. Осы турдың алдында Президенттік спорт клубының ұжымы өз алаңында 3:2 есебімен Череповецтің «Северсталь» командасынан басым түскен болатын.

24- желтоқсан күні «Барыс» өз жанкүйерлері алдында «Адмиралмен» күш сынасады.

Бас демеуші- «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры»

Пікір жазыңыз

Ваш электронный адрес не будет опубликован.