Titan FC ұйымы қазақ жігіттерін сынап көрмек (ВИДЕО)

Бүгін Алматыда аралас жекпе-жектен керемет турнир өткізілмек.  Америкалық танымал  Ultimate Fighting Championship промоушені жаңа-жыл алдында спорт сүйер қауымға қызықты да тартысты жекпе-жектер тарту етпек, деп хабарлайды SportX.kz.

Әйгілі ұйымның қазақ жеріне бет бұруына ММА өнерінен елімізден шыққан тұңғыш әлем чемпионы Ардақ Назаров мұрындық болғанын айта кетейік. Бүгінгі Titan FC 51 турнирінің негізгі кардында екі бірдей титулдық кездесу өткізіледі. Кештің басты бәсекесінде соңғы жылдары осы промоушенде өнер көрсетіп жүрген жерлесіміз Бейбіт Назаров (14-3) америкалық Мартин Браунмен (12-5) күш сынасады. Кеше өткен таразыға тартылу рәсімінде жеңіл салмақтағы сарбаздардың салмағы лимитке (70 келі) сәйкес болып шықты.

Екінші титулдық жекпе-жек біздің Қазбек Әшімов пен колумбиялық Хуан Пуэрто (15-6) арасында өтеді.Аса жеңіл яғни 56 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күш сынасатын Қазбек пен Хуанның салмақтары лимиттен асқан жоқ.

Тitan FC 51 турнирі бүгін сағат 19:00 «Алматы Аренада» өтеді.

 

Пікір жазыңыз