Жыл үздіктері

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті жылдың спорттық оқиғаларын қорытындылау рәсімін өткізді. «Хилтон Астана» қонақ үйінде өткен салтанатты шарада тоғыз номинация бойынша жүлде лауреаттары анықталды, деп хабарлайды SportX.kz.

2018 жылғы Ұлттық Спорттық жүлденің жеңімпаздарымен таныс болыңыздар:

«Қысқы спорт түрлері бойынша үздік спортшы» — Юлия Галышева

«Жазғы спорт түрлері бойынша үздік спортшы» — Дмитрий Алексанин

«Қысқы спорт түрлері бойынша үздік бапкер» — Елена Круглыxина

«Жазғы спорт түрлері бойынша үздік бапкер» — Әлия Юсупова

«Үздік жас спортшы» — Бекарыс Сәдуақас

«Жылдың үздік командасы» — Су добынан ерлер командасы

«Жыл жаңалығы» — Глеб Брусенский және Евгений Федоров

«Олимпиадалық спорт түрлері бойынша үздік федерация» — ҚР Ұлттық семсерлесу федерациясы

«Үздік аймақ» — Шымкент қаласы

Пікір жазыңыз