ЖОО-2018: Өзбектер озып кетті

Әбілмансур Батырғали каратэ жекпе-жегінен III- Жазғы олимпиадалық ойындардың қола жүлдесін иеленді, деп хабарлайды SportX.kz.

Батырғалидың қоласы Буэнос-Айрестегі ойындардан қоржынымызға түскен соңғы жүлде болды. Каратэ жекпе-жегі жақында ғана олимпиадалық ойындар бағдарламасына енгенін ескерсек, жерлесіміздің ертеңіне үлкен сеніммен қарай аламыз. 68 келіде бақ сынаған атыраулық сайыпқыран жол-жөнекей аргентиналық Хуан Мартинез (3:0), жапон  Котаро Накамуру (3:0) және мароккалық Ясин Секуру (төрешілер шешімімен) сынды қарсыластарынан алда болды. Жартылай сында жерлесімізге қарсы шыққан бельгиялық Квентин Махауден басымдық танытып, нәтижесінде жарыстың соңғы күні қоржынымыз қола медальмен толықты.

Ресми тіркелмеген командалық есепте Ресей (29-18-12) көш бастаса, екінші орынға Қытай (18-9-9), ал үздік үштікті Жапония (14-12-12) қортындылады.

Қазақстан (4-3-3) мен Колумбия 14-15 орындарды бөлісті. Қанша тырыссақ та өзбектердің алдына түсе алмадық. Өзбекстан (4-4-7) жалпы есепте 13-орыннан табылды.

 

 

Пікір жазыңыз