ЖОО-2018: Медальдар сыңғыры

Буэнос-Айрестегі (Аргентина) жасөспірімдердің III жазғы олимпиадалық ойындары өз мәресіне жақындап қалды. Ресми тіркелмеген командалық есеп бойынша Ресей құрамасы (24-15-9 (48)  жеке-дара көш бастап тұр. Артта қалған жеті күннің нәтижесі тіркелген генералдық тізімде, қазақ елінің жастары 29- орында, деп хабарлайды SportX.kz.

Буэнос-Айресте ұзын-саны 241 медальдар топтамасы сарапқа салынуда. Жүлделердің көбі өз иелерін тауып та үлгерді. Біздің еншімізде әзірге — 2 алтын,1 күміс және 1 қола медаль.

Посткеңестік елдердің арасында Ресей, Украйна, Өзбекстан және Әзербайжаннан кейін төртінші орындамыз.

Жасөспірімдердің олимпиадалық ойындары

Буэнос-Айрес, Аргентина

Жүлделер есебі (алтын, күміс, қола, барлығы)

1. Ресей – 24-15-9 (48)
2. Қытай – 16-7-9 (32)
3. Жапония – 13-7-12 (32)
4. Венгрия – 12-6-4 (22)
5. Италия – 10-8-10 (28)
6. Аргентина – 8-5-6 (19)
7. Иран – 6-3-1 (10)
8. Украина – 5-4-6 (15)
9. Аустралия – 4-7-3 (14)
10. АҚШ – 4-6-6 (16)

13. Өзбекстан- 3-4-3 (10)

29.Қазақстан -2-1-1   (4)

Пікір жазыңыз