ЖОО-2018: Диана жүлдеге бір табан жақын

Суда жүзуден Қазақстан құрамасының өкілі Диана Назарова Буэнос-Айресте өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы олимпиадалық ойындардың ақтық сынына жолдама алды, деп хабарлайды SportX.kz.

Шалқалап жүзу әдісімен 50 метрлік дистанцияға жарысқан құрбылары арасында Диана алдыңғы лектен көріне алды. Алғашқы іріктеу сынында жетінші нәтиже көрсетсе, жартылай финалда мәреге үшінші болып жетті. Сонымен ақтық додадан орын алған үздік сегіз спортшы бүгін түнде олимпиада жүлделері үшін сынға түседі.

Пікір жазыңыз