ЖОО-2018: Айбек пен Талғат та жүлдеге ілікті

Аса ауыр салмақтағы Дамир Тойбайдың жеңісті жолын 91 келідегі Айбек Оралбай мен 64 келіде өнер көрсететін Талғат Шәйкен жалғастрыды, деп хабарлайды SportX.kz.

Жасөспірімдер олимпиадасы бағдарлмасы аясындағы бокс турнирі Қазақстан құрмасы үшін сәтті өтіп жатыр. Кеше аса ауыр салмақтағы өкіліміз Дамир Тойбай жартылай сынға өтсе, бүгін тағы екі боксшымыз кем дегенде қола жүлдегер атанып отыр.

91-келіде бақ сынаған Айбек Оралбай ширек финалда чилилік қарсыласы Андрес Сальгадоға дес бермеді. Алдағы жартылай сында Айбекке пуэрторикалық Элвин Каналес қарсы шығады. 64 келі тартатын Талғат Шәйкен рингке көтерілмей-ақ келесі кезеңнен орын алды. Онымен ширек сында жолығатын косоволық боксшы кездесуден бас тартыпты. Енді Талғат жартылай финалда марокколық спортшымен сынға түседі.

Өкінішке орай Жансая Әбдірайымова (48-51келі) олимпиадалық ойындардың жүлдесіне жете алмай кетті. Жерлесіміз ширек финалдық жекпе-жекте төрешілер шешімімен америкалық құрбысы Дэстини Хивен Гарсияға есе жіберді. Есеп 2:3

 

Пікір жазыңыз