Жеңілістен көз ашатын түрі жоқ

Керлингтен Қазақстан әйелдер құрамасы Азия — тынықмұхиты аймағы аясындағы чемпионатта төртінші рет жеңілді, деп хабарлайды SportX.kz.

Кезекті ойынын Аустралияға қарсы өткізген бас командамыз 8:9 есебімен ұтылып қалды. Бұл біздің құраманың чемпионат аясындағы төртінші жеңілісі. Жерлестеріміз бес кездесу өткізсе, соның бірінде ғана жеңіске жеткен. Ол матчта Гонконгтан басым түскенбіз.

Пікір жазыңыз