Желмен жарысқан Мұқашеваның Бішкектегі жеңісі

800 метрге жүгіруден Азия ойындарының екі дүркін чемпионы Маргарита Мұқашева, екі жылдық үзілістен кейін жарыс жолына қайтып оралды. Жазғы Универсиада жеңімпазы Бішкекте жалауын түсірген турнирде алдына жан салмады, деп хабарлайды   SportX.kz.

Бішкекте мәресіне жеткен Татьяна Колпакованың жүлдесі жолындағы  халықаралық жарыста, жерлесіміз  өзінің сүйікті  қашықтығы 800 метрлік дистанцияда топ жарып, бас бәйгені еншіледі. Турнирдің күміс жүлдесі де қазақстандық атлет Евгения Фандюшинаға бұйырды.

Екі жыл бойы жарыс алаңына шықпаған Мұқашева, енді алда келе жатқан Азия ойындарында үшінші рет олжа салуға дайындалу үстінде.

 

Пікір жазыңыз