Жастарымыз Роналдудың інілерімен сынға түспек

Футболдан Қазақстан жастар құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу додасы аясындағы алғашқы матчта Португалиямен кездеседі, деп хабарлайды SportX.kz

Біздің жастар өз тобында Португалия, Уэльс және Беларусь елінің футболшыларымен күш сынасады. 10-қараша күні Португалиямен ойнаса, араға үш күн салып Уэльспен бәсекеге түседі. Өз тобындағы соңғы матчты 16- қараша күні Беларусь құрамасына қарсы өткізеді. Біздің топтағы Еуропа чемпионатының іріктеу ойындары Португалияда өтеді.

 

 

 

Пікір жазыңыз