Жас боксшыларымыздың екпіні күшті

Бұл күндері Венгрия астанасы Будапештте бокстан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты жалғасуда. Алғашқы жарыс күні шаршы алаңға көтерілген боксшыларымыздың бәрі жеңіске жете алды, деп хабарлайды SportX.kz.

«Дунай Арена» шаршы алаңында 69 елден жиналған 359  үміткер бақ сынасуға дайын. Оның ішінде Қазақстан жасөспірімдер құрамасы толық құрамымен қатысуда. Дәлірек айтсақ, еліміздің ұлдар және қыздар командалары сапы он спортшыдан жасақталған. Мұндай нәтижеге Азия чемпионатындағы тамаша жеңісіміздің арқасында қол жеткізіп отырмыз.

Қазақ боксшылары арасынан рингке бірінші беттеген Ермахан Жақпеков (69 кг) пуэрторикалық қарсыласы Ниевес Моралесті ұзаққа жібермей шаршы алаңнан қуып шықты. Кездесудің екінші раундында төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды. Ермаханның жеңісті жолын Кәрім Серкебаев (52 кг) жалғастырды. Кәрім өз кезегінде эквадорлық боксшы Луис Дельгадоға дес бермеді. Қыздарымыздың арасынан жарыс жолына бірінші болып шыққан Мәрия Бейсебаева, Украйна чемпионы Олеся Крысюкпен қолғап түйістірді. 5:0 есебімен жеңіске жеткен Мәрияны ендігі жерде чемпионаттың келесі раундынан көретін боламыз.

Бүгін ринг төріне тағы бес боксшымыз көтеріледі. Олар- Бейбарыс Жексен (56 келі), Рахат Сейітжан (60 келі), Айзада Еслямғали (54 келі) және Анель Құдайберген (48 келі).

 

 

Сегодня на ринге «Дунай Арены» выступят еще четверо казахстанцев. Первые поединки проведут Бейбарс Жексен (56 кг), Рахат Сейтжан (60 кг), Айзада Еслямгали (54 кг) и Анель Кудайберген (48 кг).

Наши боксеры с побед начали выступление на молодежном ЧМ-2018 в Будапеште

Пікір жазыңыз