Жансая Әбдімәлік перулік шахматшыға есе жіберді

Өзбек қыздары Батумиде өтіп жатқан Бүкіләлемдік шахмат Олимпиадасында ешкім күтпеген тосын сый жасады. Өзбекстан әйелдер құрамасы жарыстың басты фавориті саналған Ресейдің алдын орап кетті, деп хабарлайды SportX.kz.

Осы күні Перу елінің шахматшылармен кездескен еліміздің әйелдер құрамасынан жеңіс күткенбіз. Бірақ осы матчтың фавориті саналған қыздарымыз оңтүстік америкалықтармен ұпай бөлісіп тарасты. Есеп -2:2. Ең үздік шахматшымыз Жансая Әбдімәлік Паула Элизабет Паредеске есе жіберсе, Динара Сәдуақасова мен Әсел Серікбай перулік қарсыластарымен тең түсті. Біздің командадан жеңіске жеткен Гүлмира Дәулетова болды.

Екі турдың нәтижесі бойынша еліміздің әйелдер құрамасы 5,5 ұпаймен турнир кестесінде 38- орында келеді. Бүгін жерлестеріміз латыш елінің шахматшыларымен ой жарыстырады.

Мұртас Қажғалеев, Петр Костенко, Денис Махнев және Ринат Жұмабаев төрттігі кезекті ойын күні армениялық шахматшылардан ұтылып қалды. Мұндағы ойын нәтижес і-1:5:2:5. Әзірге біздің жігіттер турнир кестесінде 48 орында тұр. Бүгін олар Оңтүстік Африка елінің құрамасымен сынға түседі.

 

Пікір жазыңыз