Жаңа рейтингтен жаңалық көріп тұрған жоқпыз

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс WTA жаңартылған рейтинг кестесінде бірден 29 позицияға төмендеген. Бұл жерде Заринаның Хиросимада өткен турнирдегі сәтсіз ойыны өз әсерін тигізгені анық , деп хабарлайды SportX.kz.

Жаңа рейтинг кестеде еліміздің екінші ракеткасы Зарина Дияс 600 ұпаймен 94- орынға жайғасқан. Үздік теннисшіміз Юлия Путинцева да алға емес артқа шегініс жасапты. Алты позиция жоғалтқан Юлия жаңа тізімде 61- орында тұр.

Өз кезегінде Елена Рыбакина төрт саты алға жылжыса, Анна Данилина 393 сатыға жайғасыпты.

.

Пікір жазыңыз