Заринаның кезекті жеңісі

Еліміздің бірінші ракеткасы Зарина Дияс Страсбургтегі (Франция)  кәсіпқой теннисші әйелдер  арасындағы халықаралық турнирдің ширек финалынан орын тепті. Зарина жүлде қоры 200 мың АҚШ долларынан асып жығылатын жарыстың кезекті айналымында венгриялық Тимея Бабошты  қапы қалдырды, деп хабарлайдыSportX.kz.      

2 сағат49 минутқа жалғасқан үш сеттегі бәсеке  7:6 (7:2), 4:6, 6:2 есебімен қазақстандық теннисшінің пайдасына шешілді. Зарина Дияспен ширек финалда күш байқасатын теннисшінің есімі бүгін белгілі болады. Дәлірек айтсақ ресейлік теннисшілер Анастасия Павлюченко мен Наталья Вихлянцева арасындағы  бәсекенің жеңімпазы ширек сында еліміздің бірінші ракеткасымен кездеседі.

 

Пікір жазыңыз