Зарина Страсбургтегі турнирді сәтті бастады

Страсбургте (Франция) жүлде қоры 300 мың АҚШ долларына жетіп жығылатын теннис додасы жалауын көтерді.Еліміздің бірінші ракеткасы Зарина Дияс, жарыстың алғашқы айналымында поляк қызы Катажин  Питерге дес бермеді , деп хабарлайды SportX.kz.

Әлемдік рейтинг кестеде 54- орында келе жатқан Зарина Диястың қарсыласы Катажина Питер, бұл тізімде әлдеқайда төмен орналасқан. Дәлірек айтсақ, Катажина әзірге әлемнің 382 ракеткасы. Екі теннисші арасындағы 1 сағат 12 минутқа жалғасқан екі сеттегі  бәсеке 6:2,6:4 есебімен аяқталды.

Келесі айналымда еліміздің үздік теннисшісі  Страсбургтегі турнирдің 6-ракеткасы венгриялық Тимея Бабош немесе  жергілікті  теннисші Фиона Ферроның бірімен кездеседі.

 

 

Пікір жазыңыз