Страсбургте (Франция) жүлде қоры 300 мың АҚШ долларына жетіп жығылатын теннис додасы жалауын көтерді.Еліміздің бірінші ракеткасы Зарина Дияс, жарыстың алғашқы айналымында поляк қызы Катажин Питерге дес бермеді , деп хабарлайды SportX.kz.
Әлемдік рейтинг кестеде 54- орында келе жатқан Зарина Диястың қарсыласы Катажина Питер, бұл тізімде әлдеқайда төмен орналасқан. Дәлірек айтсақ, Катажина әзірге әлемнің 382 ракеткасы. Екі теннисші арасындағы 1 сағат 12 минутқа жалғасқан екі сеттегі бәсеке 6:2,6:4 есебімен аяқталды.
Келесі айналымда еліміздің үздік теннисшісі Страсбургтегі турнирдің 6-ракеткасы венгриялық Тимея Бабош немесе жергілікті теннисші Фиона Ферроның бірімен кездеседі.