Зарина Дияс — ширек финалда

Жапонияның Хиросима қаласында жүлде қоры 250 000 АҚШ долларын құрайтын теннис турнирі жалғасуда. Дәстүрлі турнирдің былтырғы жеңімпазы Зарина Дияс биыл да бас жүлдеден үміткер, деп хабарлайды SportX.kz.

Бірінші айналымда испаниялық  Сара Соррибес Тормоны ұтқан қазақстандық теннисші, келесі күні украйналық Катерина Козловадан басым түсті. Екі сеттегі ойын нәтижесі — 6:2 және 7:5.

Дияс турнирдің ширек финалында осы жарысқа бірінші нөмірмен түскен қытайлық теннисші Чжан Шуаймен кұш байқасып көреді. Аспанасты елінің шебері ширек финалдың бірінде жапониялық Нао Хибинодан алда болды.

Зарина жұптық разрядта да табысты өнер көрсетуде. Қытайлық Чжэн Сайсай мен Зарина Дияс мұнда да ширек сынға шығып отыр.

 

 

Пікір жазыңыз