Юлияның Қытайға сапары қысқа болды

Қазақ теннисінің өкілі Юлия Путинцева Бейжіңдегі турнирдің жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды SportX.kz.

Негізгі кестеге іріктеу ойындары арқылы қосылған Путинцеваға, дәстүрлі турнирмен ерте қоштасуға тура келді. Испаниялық Карла Суарес-Наварромен өткен кездесуде жерлесіміз қарсылық көрсетіп жарытпады. Алғашқы сетте бары-жоғы бір гейм алса, келесі кезеңде 6:0 есебімен ұтылған Юлия екінші айналымға шыға алмай кетті. Екі теннисші арасындағы бәсекенің уақыты тура 50 минутты құрапты.

Суарес Наварро келесі айналымда неміс қызы Анжелика Керберді сынаққа алады. Жүлде қоры 8 285 274 $ құрайтын турнир 7-қазанға дейін жалғасады.

 

Пікір жазыңыз

Ваш электронный адрес не будет опубликован.