Юлияның қарқыны күшті

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) жаңартылған рейтинг кестесінде 42- сатыға көтерілді, деп хабарлайды SportX.kz.

Францияның ашық чемпионатына дейін Юлия бұл тізімде 98-орында болған.Парижде небір мықтыларды жарыстан тыс қалдырған жерлесіміз «Ролан Гарростың» ширек финалында америкалық Мэдисон Киске жол беріп алды. Мәртебелі доданың алғашқы айналымынан мүлт кеткен еліміздің бірінші ракеткасы Зарина Дияс, жаңартылған тізімде 45-орынға жайғасыпты.

«Ролан Гарростың» қорытындысы бойынша алғашқы үздік үштікті құраған теннисшілер өз орындарын сақтап қалды.Румын Симона Халеп көш бастаса, даниялық Каролин Возняцки екінші,испаниялық Гарбинье  Мугуруса әзірге үшінші орында келеді.

Пікір жазыңыз