WSB: «Астана арландары» жеңіске жете ала ма?

 Бүгін Қытайдың Цзинцзян қаласында Бүкіләлемдік бокс сериясының (The World Series Boxing) 2018-жылғы чемпионы белгілі болады. Екінші жыл қатарынан ақтық сында «Астана арландары» мен «Куба домадорес» командалары кездесуде. Осыдан екі күн бұрын өткен алғашқы финалдық матчта кубалық шеберлер жеңіске жеткен еді, деп хабарлайды SportX.kz.

Бас бәйгені өзара сарапқа салып жатқан командалар бүгін екінші рет кездеседі. Алғашқы финалдағыдай бұл жолы да рингте екі жақтан бес боксшыдан яғни бес боксшылар жұбы өнер көрсетеді.  Бірінші матч 2:3 есебімен бостандық аралы өкілдерінің пайдасына шешілгенін жақсы білесіздер. Егер бүгін біздің жігттер қарымта қайтарып, есеп теңескен жағдайда қосымша тағы бір кездесу өткізіледі.

Бүгін шаршы шығатын боксшылар жұбымен таныс болыңыздар: 

52 келі – Сәкен Бибосынов — Хорхе Гринан

60 келі – Закир Сафиуллин — Лазаро Альварез

69 келі – Асланбек Шымбергенов — Рониель Иглесиас

81 келі – Бек Нұрмағанбет — Хулио Ла Круз

+91 келі – Қамшыбек Құнқабаев — Хосе Лардует

Қосымша кездесу:

64 келі – Бекдәулет Ибрагимов — Хорхе Моиран Винент

Екінші финалдық матчтың тікелей көрсетілімін «Хабар» телеканалынан тамашалай аласыздар. Басталуы Астана уақыты бойынша 17:00.

Бас демеуші — «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры»

Пікір жазыңыз