WBC ағайынды Чарлоларға айыппұл салды

WBC ұйымының орта салмақтағы «уақытша» чемпионы Джермалл Чарло (27-0, 21 КО) мен оның сыңары бірінші орта салмақтағы WBC чемпионы Джермелл Чарло (31-0, 15 КО) міндетті допинг тестін өткізіп алған, деп хабарлайды SportX.kz.

WBC ұйымы чемпиондар мен үміткерлерді VADA-ның (Допингке еркін тестілеу қауымдастығы) «Таза бокс» бағдарламасы бойынша тексеріп отырады.

Ағайынды боксшылар өткен айдағы тексеруді өткізіп алғандарын мойындап отыр. Бірақ ойлары таза екенін яғни ешқандай да арам пиғылдары болмғанын алға тартқан.

Дегенмен бокс ұйымы міндетті тексеруді өткізіп алған егіздерді  айыппұлмен жазаламақ.

Пікір жазыңыз