Вуэльта: Мәреге жақын қалды

Бельгиялық велошабандоз Йелле Валлайс (Lotto Soudal) биылғы жылдың соңғы-гранд-туры Вуэльтаның 18-кезеңінде топ жарды, деп хабарлайды SportX.kz.

Эхеа-де-лос-Кабальерос пен  Льейды арасында өрбіген186 шақырымдық жарыс жолын бельгиялық шабандоз 3 сағат 57 минут 3 секундта еңсерді. Бүгінгі жеңіс — Йелле Валлайстың гранд- тур кезеңіндегі алғашқы тырнақалды табысы. Екінші орынды норвегиялық Свен Эрик Бюстрем ( UAE-Team Emirates) иеленсе, словак Петр Саган ( Bora-Hansgrohe) мәре сызығын үшінші қиды.

«Астана» сапында ең жоғары орыннан көрінген Мигель Анхель Лопес (Колумбия) бүгнгі жарыс жолында жиырмасыншы нәтиже көрсетті.

Жалпы есептегі тізімде британиялық дүлдүл Саймон Йейтс алда келеді. «Астананың» капитаны әрі лидері Мигель Анхель Лопес генаралдық тізімде төртінші орында. Колумбиялық шабандоз Йейтстен 1 минут 36 секундқа қалып тұр.

Вуэльта»

18-кезең

Эхеа-де-лос-Кабальерос – Льейда

186,1 шақырым

1. Йелле Валлайс (Бельгия, Lotto Soudal) – 3.57,03
2. Свен Эрик Бистрем (Норвегия, UAE-Team Emirates) – сол уақыт
3. Петер Саган (Словакия, Bora-Hansgrohe)
4. Элиа Вивиани (Италия, Quick-Step Floors)
5. Иван Гарсия Кортина (Испания, Bahrain Merida)
6. Дэнни ван Поппель (Голландия, LottoNL-Jumbo)…
15. Йон Исагирре Инчаусти (Испания, Bahrain Merida)
16. Алехандро Вальверде (Испания, Movistar)…
18. Тони Галлопен (Франция, AG2R La Mondiale)
19. Саймон Йейтс (Ұлыбритания, Mitchelton-Scott)
20. Мигель Анхель Лопес (Колумбия, «Астана»)…

Жалпы есеп

1. Саймон Йейтс (Ұлыбритания, Mitchelton-Scott) – 73.02,37
2. Алехандро Вальверде (Испания, Movistar) – 0,25
3. Энрик Мас (Испания, Quick-Step Floors) – 1,22
4. Мигель Анхель Лопес (Колумбия, «Астана») – 1,36
5. Стивен Крейсвик (Голландия, LottoNL-Jumbo) – 1,48

Пікір жазыңыз