Вуэльта -2018: «Астананың»лидері үшінші орында

Италиялық шабандоз Элия Вивиани (Quick-Step) көпкүндік супервелодода «Вуэльтаның» соңғы кезеңінде топ жарды, деп хабарлайды SportX.kz

Вивиани мәре алдындағы спринтерлік бәсекеде словак Петер Саган мен өзінің отандасы Джакомо Ниццолоның алдын орап кетті. Оның көрсеткіші — 2 сағат, 21 минут және 28 секунд.

Гранд-турдың бас бәйгесін британиялық велошабандоз Саймон Йейтс (Mitchelton-Scott) иеленді. Былтырғы жылы «Тур де Франстың» ең жас үздік шабандозы деген құрметке ие болған Саймон Йейтс, тұңғыш рет гранд-турдың жеңімпазы атанып отыр. Екінші орынға Энрике Мас (Испания, Quick-Step Floors) көтерілсе, «Астананың» капитаны Мигель Анхель Лопес жалпы есепте үшінші орыннан табылды.

Бас демеуші- «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры»

Пікір жазыңыз