Велоспорт: «Астана»- оныншы нәтиже көрсетті

Бұл күндері Аустрияның Инсбурк қаласында велоспорттан әлем чемпионаты өтуде. Қазақстандық «Astana Pro Team» клубы командалық жарыстың нәтижесі бойынша алғашқы ондықты түйіндеді, деп хабарлайды SportX.kz.

Бұл бәсекеде бельгиялық Quick-Step Floors (1cағ 07′ 25») клубының велошабандоздары үздік шықты.Германияның Team Sunweb (1сағ 07′ 44») командасы екінші нәтиже көрсетсе, әлем чемпионатының қола жүлдесі америкалық BMC Racing (1сағ 07′ 45») бұйырды. 62,8 шақырымды құраған жарыс жолын 1сағ 10′ 19» еңсерген астаналық шабандоздар 22 команданың арасынан 10-орынға тұрақтады.

Бас демеуші-«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры»

Пікір жазыңыз