Үшсайысшы Қонысбаев Осакадағы жарыста осалдық танытқан жоқ

 

Қазақстандық үшсайысшы Дарын Қонысбаев Жапонияның Осака қаласында өткен Sprint Triathlon Asiа додасында бақ сынады, деп хабарлайдыSportX.kz

Триатлонның  олимпиадалық ойындар бағдарламасынан орын алған классикалық түрімен салыстырғанда, спринттік үшсайыстағы жаттығулар екі есеге қысқа (жүзу– 750 м веложарыс – 20 км. жүгіру – 5 км). Осакадағы турнирге Қазақстаннан қатысқан жалғыз спортшымыз Дарын Қонысбаев, жалпы есепте 37-орынды иеленді  Дарын жарыс жолын 59:50 минутта еңсеріпті.

Жапониядағы жартылай марафондық триатлон додасында ұзын-саны 70 үміткер  күш сынасыпты. Бас бәйгені жапон жігіті Такуми Хойо — (55:46) иеленсе, аустриялық Курт Уэсли екінші, ал тағы бір жергілікті үшсайысшы Ючи Хошода тұғырдың үшінші сатысына көтерілді.

 

 

Пікір жазыңыз