Усэин Болтқа «Валетта» қызығушылық танытуда

Жамайкалық әйгілі желаяқ Усэин Болттың футболшы атанғанына көп бола қойған жоқ. Дегенмен кезінде алдына жан салмаған спринтерге көз салған клубтар табылып жатқан сияқты, деп хабарлайды SportX.kz.

Олимпиадалық ойындардың сегіз дүркін чемпионы тамыз айының басында аустралиялық «Сентрал Кост Маринерс» клубынан шақыру алғанын жазғанбыз. Бірнеше аптаға жоспарланған сынақ-байқаудан сүрінбей өткен экс-жеңіл атлет, керек десеңіз гол соғып та үлгерді. Енді желмен жарысқан жүйрікке  Мальтаның «Валетта» клубы қызығушылық танытып отырған көрінеді. Алдағы бірнеше жыл ішінде чемпиондар лигасына шығуды мақсат еткен мальталық команда, Болтты желтоқсан айына дейін өз қосынан көруді қалап отыр.

 

Пікір жазыңыз