US Open: Зарина алысқа бара алмады

Қазақстанның екінші ракеткасы Зарина Дияс «Үлкен Дулыға» аясындағы жылдың соңғы додасы US Open жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды SportX.kz.

Нью-Иорктегі додаға жолы түскен Зарина Дияс ұзаққа шаба алмады. Ә дегеннен жиған-тергені мол чехиялық теннисші Каролина Плишковаға тап болған жерлесіміз, шама-шарқы жеткенше салғыласып-ақ бақты. Дегенмен турнирдің сегізінші ракеткасы өз дегеніне жетпей тынбады. Сөйтіп, екі сеттегі бәсеке чехиялық теннисшінің пайдасына шешілді. Плишкова жарыстың келесі айналымында румыниялық Анна Богданмен кездеседі.

 

Пікір жазыңыз