US Open: Михайл жеңіп, Юлия жеңілген жарыс

Әлемнің 84-ракеткасы қазақстандық теннисші Михайл Кукушкин АҚШ тың ашық чемпионатын жеңіспен бастады. Еліміздің үздік теннисшісі алғашқы айналымда америкалық Ной Рубиннен басым түсті, деп хабарлайды SportX.kz.

Төрт сетке жалғасқан бәсеке — 6:3, 6:1, 4:6, 7:6 есебімен аяқталды. Мәртебелі турнирдің келесі айналымында Михайл Кукушкин оңтүстік кореялық Хен Чонмен кездеседі. Өз кезегінде Хен Чон чемпионаттағы алғашқы ойынын литвалық Ричардс Беранкиспен өткізіп, шиеленісті өткені бәсекені өз пайдасына асырып кеткен болатын.

Өкінішке орай Юлия Путинцева жарыс жолынан шығып қалды. Қазақстанның үздік теннисшісі ашық чемпионаттың алғашқы айналымында жергілікті теннисші Бернарда Перадан жеңіліс тапты.есеп — 6:7, 4:6.

 

Пікір жазыңыз