US Open: Федерер жарыстан шығып қалды

Әлемнің екінші ракеткасы Роджер Федерер  жарыстың төртінші айналымында 29- жасар аустралиялық теннисші Джон Миллманнан жеңіліп қалды, деп хабарлайды SportX.kz

Төрт сеттегі бәсеке  3:6, 7:5, 7:6, 7:6 есебімен Миллманның жеңісімен аяқталды. Мұның алдында аустралиялық теннисші еліміздің бірінші ракеткасы Михайл Кукушкиннен айласын асырып кеткен еді. Алдағы ширек финалда Милманнды әлемнің экс-бірінші ракеткасы Новак Джокович күтіп тұр.

 

 

 

Пікір жазыңыз