Үміткерлер саны- алтау

Бұл күндері Парижде бас қосқан әлемнің үздік теннисшілері  «Үлкен дулығаны» құрайтын  мәртебелі  төрт турнирдің бірі- Ролан Гарростың жүлдесі үшін жарысты  бастап кетті. Францияның ашық  чемпионатының қорытындысы бойынша Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA ) рейтинг көшін алты теннисшінің бірі бастауы мүмкін, деп хабарлайды SportX.kz.

Яғни алты теннисшінің рейтингте бірінші орынға шығатын  мүмкіндігі  бар деген сөз. Ал көш тізгіні кімінің қолына өтетінін Ролан Гаррос анықтап береді. Әлемнің бірінші ракеткасы румыниялық Симона Халепке  жылы орнын жоғалтпау үшін Париж төріндегі жарыстың жартылай финалына дейін жетуі керек. Халепті  бірінші орыннан сырғыта алатын  теннисшілер арасында даниялық Каролина Возняцки, испаниялық Гарбинье Мугуруса, украйналық Элина Свитолина, чех теннисшісі  Каролина Плишкова және франциялық Каролина Гарсия бар.

Возняцки Парижде олжа салып, ал Халеп пен Мугуруса жартылай финалда сүрініп жатса, онда даниялық теннисші  бірден  рейтинг кестеде бірінші орынға көтеріледі. Бір сөзбен айтқанда жоғарыда аталған теннисшілердің кез-келгені белгілі бір жағдайда   WTA   рейтинг кестесінде  бірінші орынға шыға алады.

 

Пікір жазыңыз