Ұлттық құрама алдағы ойындарға сақадай-сай

Футболдан Қазақстан ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы Станимир Стоилов «Ұлттық Лига» аясындағы матчтарға қатысатын футболшылар тізімін жария етті, деп хабарлайды SportX.kz.

Қазан айындағы матчтарға шақырылған футболшылар тізімі мынадай:  

Қақпашылар: Ненад Эрич («Астана»), Владимир Плотников («Қайрат»), Дмитро Непогодов («Тобыл»);

Қорғаушылар: Сергей Малый, Евгений Постников, Дмитрий Шомко, Абзал Бейсебеков, Юрий Логвиненко (бәрі — «Астана»), Ғафуржан Сүйімбаев, Ян Вороговский, Нұралы Әліп («Кайрат»);

Жартылай қорғаушылар: Исламбек Қуат, Бауыржан Исламхан, Магомед Парагульгов, Георгий Жуков (бәрі — «Кайрат»), Бақтияр Зайнутдинов, Серікжан Мұжықов («Астана»), Думан Нарзилдаев («Қайсар»), Еркебұлан Тұңғышбаев («Ордабасы»), Максим Федин («Тобыл»);

Шабуылшылар: Алексей Щеткин, Роман Мұртазаев ( «Астана»), Бауыржан Тұрысбек («Тобыл»), Еркебұлан Сейдахмет («Уфа», Ресей).

Команда құрамында ауыс-түйіс болуы мүмкін.

13 қазанда Стоиловтың командасы Ригада Латвиямен, ал 16-қазан күні «Астана Аренада» Андорраны қабылдайды.

 

Пікір жазыңыз