Ұлттық Лига: Украйна А лиганы бетке алды

Харьков қаласындағы «Металлист» стадионында Украйна құрамасы 1:0 есебімен Чехияны ұтып, қалған ойындардың нәтижесіне қарамастан мерзімінен бұрын өз тобының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды SportX.kz.

Ойын тағдырын шешкен жалғыз голды кездесудің 43-минутында Руслан Малиновский соқты. Нәтижесінде үш ойыннан тоғыз ұпай еншілеген украйналықтар В лигасының бірінші тобында үздік шығып, А Лигаға жолдама алды.

Осы топтағы екінші кездесуде Ирландия өз алаңында Уэльске есе жіберді. Дублиндегі ойынға нүкте қойған жалғыз гол Харри Уилсонның еншісінде.

Пікір жазыңыз