Уимблдон: Төрт сағатқа созылған арпалыс 

Мәртебелі доданың бірінші ракеткасы Роджер Федерер ширек финалда сүрінді. Швейцариялық шебер 4 сағат 13 минутқа жалғасқан тартысты бәсекенің нәтижесі бойынша оңтүстік африкалық Кевин Андерсоннан ұтылып қалды, деп хабарлайды Sportx.kz.

Алғашқы екі сетті өз пайдасына шешкен базельдік теннисші, одан әрі ойын тізгінін қарсыласына беріп алды. Қалған үш сетте жеңіске деген жігерлік таныта білген Кевин Андерсон, бұған дейін Уимблдонды бірнеше рет ұтқан әйгілі қарсыласын жарыс жолынан шет қалдырды. Ойындағы есеп- 6:2, 7:6 (7:5), 5:7, 4:6, 11:13.

Кевин Андерсон жарыстың жартылай сынында америкалық теннисші Джон Изнермен кездеседі.

Уимблдон. Ширек сын

Рафаэль Надаль (Испания) —  Хуан Мартин дель Потро (Аргентина)

7:5, 7:4, 4:6, 6:4, 6;4

Новак Джокович (Сербия) — Кей Нисикори (Жапония)

6:3, 3:6, 6:2, 6:2

 

Пікір жазыңыз