Уимблдон -2018: Надальға тап болды

Қазақстанның бірінші ракеткасы Михайл Кукушкин Уимблдонның бірінші айналымында, поляк теннисшісі Вашек Поспишилден басым түсті, деп хабарлайды SportX.

2 сағат 11 минутқа созылған үш сеттегі бәсеке – 6:4, 3:6, 6:2, 6:3 есебімен жерлесіміздің жеңісімен аяқталды. Мәртебелі турнирдің келесі айналымында Михайл Кукушкинге (77) әлемнің бірінші ракеткасы Рафаэль Надаль қарсы тұрады. Юлия Путинцева да  Лондондағы турнирді сәтті бастады. Қазақстанның бірінші ракеткасы алғашқы ойында польшалық қарсыласы Магда Линеттке дес бермеді. Келесі жолы Путинцева  ресейлік талантты теннисші  Дарья Касаткинамен күш байқасады.

Пікір жазыңыз