Турнирдің алтыншы ракеткасын тізе бүктірді

Михайл Кукушкин Истбурндегі турнирдің екінші айналымында испаниялық танымал теннисші Давид Ферерге дес бермеді, деп хабарлайды SportX.

Еліміздің үздік теннисшісі бұл жолы дәстүрлі турирдің алтыншы ракеткасымен күш сынасты. Шөп жамылған корттағы ойын көпке созылған жоқ.1 сағат 18 минутқа жалғасқан екі сеттегі бәсеке 6:2 және 6:0 есебімен  жерлесіміздің пайдасына шешілді. Осы күні Британия теннисінің жұлдызы Энди Маррэй өзінің отандасы Кайл Эдмундтен ұтылып қалды.1 сағат 42 минутқа созылған екі сеттегі есеп  6:4 есебімен аяқталды.Енді жарыстың ширек финалында  Михайл Кукушкин мен Кайл Эдмунд кездесетін болады.

 

Пікір жазыңыз