Томасовтың голдары шетінен керемет (ВИДЕО)

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы 2018 -жылғы ел чемпионатының қараша айындағы үздік голдың қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Sportx.kz.

Футбол жанкүйерлеріне «Астана» клубының жартылай қорғаушысы Марин Томасовтың «Қайрат» пен «Ертістің» қақпаларына соққан қос голы ұсынылды.

Жанкүйерлер арасында жүргізілген дауыс беру нәтижесі мынадай:

Томасовтың «Қайратқа» салған голы — 80,95% дауыс, ал «Ертістің» қақпасына соққан голы -19,05%  жинаған.

Президенттік спорт клубы жүйесіндегі команданың сұрмергені соққан голдардың қазіргі көрсеткіші осындай. Сонымен «Маусымның үздік голынан» үміткерлер түгел белгілі. Ендеше, дауыс беретін күнде алыс емес.

Бас демеуші — «Самұрық -Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры»

Пікір жазыңыз