Тойға баратындардың саны-600

Араға тура тоғыз күн салып Индонезия астанасы Джакартада XVIII- жазғы Азия ойындары жалауын көтереді. Байрақты додаға аттанатын Қазақстан делегациясы құрамына 600 адам еніпті, деп хабарлайды SportX.kz.

600 адам аз емес. Индонезияға қазақтың үлкен бір ауылы тайлы-таяғымен көшіп бара жатқанымен бірдей. Әрине олардың бәрі дерлік спортшылар емес. Араларында олардың шашбауын көтеріп бара жатқан, бірақ Азиададағы көрсеткішімізге жауап беретін шенеуніктер де бар. Оның үстіне биылғы Азиада бағдарламасы олимпиадалық ойындарға енбеген бірнеше спорт түрлерімен толығыпты. Мысалы спортшылар -боулинг, джиу-джитсу, кураш, ушу және самбо күресінен сынға түседі.

Осы спорт түрлерінен ел намысын қорғайтын спортшылар тізімімен таныс болыңыздар:

Боулинг: Наталья Мандрица, Наталья Орлова, Елена Гришиненко, Жақсылық Саудабаев, Илья Орлов, Руслан Эккель.

Джиу-джитсу: Сейдуәли Нұржан, Дархан Нартаев, Мансұр Хабибулла, Руслан Исрайылов, Андрей Гаврилюк, Рамазан Құсайынов, Усман Цуцоев, Мөлдір Мекенбаева, Галина Дуванова.

Ушу: Сухраб Әшімжанов, Алмас Дүйсеев, Әмір Ысмайылов, Арыстан Оразов, Әнел Санатқызы, Ырысбек Байдоллаев.

Кураш: Дәурен Дәмен, Сұлтан Жәнібек, Ерсұлтан Мұзаппаров, Нұрланұлы Бекбол, Дүйсембаева Ботагөз, Дүйсембиева Ұлжан, Қалжан Тайжанова.

Самбо күресі: Бейімбет Қанжанов, Бағлан Ибрагим, Әлібек Зекенов, Айтбек Айбол, Назгүл Елмұратова, Айжан Жылқыбаева, Ділдаш Күрішбаева, Динара Құдарова.

Пікір жазыңыз