Теннисті де жемқорлық жайлапты 

Аргентиналық теннисші Николас Кикер, Теннис спортының жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасының ережесін  бұзғаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды  SportX.kz.

АТР рейтинг тізімінде 84- сатыға жайғасқан Кикер,  Падуя және  Барранкилье қалаларында  өткен «Челленджер» аясындағы сериялық турнирлерде келісілген матчтарды ұйымдастырған.Мұнымен қоса оған   осы іске қатысты тергеу  амалдарын жүргізген құқық  қорғау органдарына көмек көрсетуден бас тартты деген кінә тағылуда.  Әзірге кәсіпқой жарыстардан бәрінен шеттеліген теннисшіге қатысты сот  шешімі кейінге қалдырылып отыр.

26 жастағы Кикер өзінің кәсіпқой  теннистегі ең жоғары нәтижесіне 2017 жылы қол жеткізді.  Сол жылы жеке сын бойынша он , ал жұптасып өнер көрсетуде  жеті бірдей турнирдің жеңімпазы атанып,  әлемдік рейтинг кестеде 78 -орынға көтерілді.

Пікір жазыңыз