Теннистен ұпайымыз түгел емес

Бейжіңдегі турнирге жолы түскен қыздарымыз алғашқы айналмынан аса алмады, деп хабарлайды SportX.kz.

Жүлде қоры 8 285 274 $ құрайтын турнирдің негізгі сеткасына  ірікеу ойындары арқылы қосылған Юлия Путинцева мен Зарина Дияс мақсаттың үдесінен шыға алмады. Екі тенисшіміз де бірінші айналымнан мүлт кетті.

Алдымен еліміздің бірінші ракеткасы Юлия Путинцева испаниялық Карла Суарес-Наварроға жол берсе, келесі күні оның жолын Зарина құшты. Алматылық теннисші екі сеттегі бәсекенің нәтижесі бойынша турнирдің былтырғы жеңімпазы жапониялық Наоми Осакадан ұтылды. Есеп — 6:4 және 6:3.

 

Пікір жазыңыз

Ваш электронный адрес не будет опубликован.