Теннисші қолына күрек алды

Су тасқынынан қатты зардап шеккен Испанияның Мальорка аралындағы жағдай мәз емес. Төрт сағат бойы шелектеп жауған жаңбырдың нәтижесінде Сан-Лоренсо-дес-Кардассар қаласы су астында қала жаздаған. Қала көшелерін тазартуға шыққан еріктілер қатарынан журналистер әйгілі теннисші Надальды байқап қалған, деп хабарлайды SportX.kz.

Тізесінен алған жарақатына байланысты үзіліс алған әлемнің бірінші ракеткасы көппен бірге көше тазалап жүргенін журналистер көріп қалған. Әйтпесе теннисші  көпке жария ету жайлы ойламаған да.

Жергілікті басшылықтың мәліметі бойынша он адам көз жұмса, соншама адамның тағдыры белгісіз. Жүздеген тұрғындар үйлерін тастап шығуға мәжбүр болған. Надальдың туған қаласы су тасқынынан зардап шеккен Сан-Лолренсоға жақын орналасқан. Қиын жағдайға тап болған жерлестеріне қол ұшын созған Надаль, үй-күйсіз қалғандарға өзінің теннис академиясын пайдалануға беріпті.

 

Пікір жазыңыз