Сүйінші! Елдос пен Абзал топ жарды

Оңтүстік Кореяның Канвондо провинциясына қарасты Сокхчо қаласында атқа қонған жігіттер садақ атудан сынға түсуде. Әлемдік додаға үкілеп қосқан қазақтың батырлары намысты қолдан бермей, атадан қалған мұрамыз садақ атудан алдарына жан салмады, деп хабарлайды SportX.

Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған сұрмергендер жамбы атып жарысты. Нақты айтсақ, Кореяда өтіп жатқан әлем чемпионатында 23 мемлекеттен алпысқа жуық үміткерлер бақ сынасты. Ежелден келе жатқан ұлттық ат спорты ойындарының кенжелеп қалған түріне деген қызығушылық өте жоғары болды. Астындағы жарау атымен шауып бара жатып садағын тартып, жебесін нысанаға дөп тигізуден Елдос Бадашев пен Абзал Тулыбеков үздік шықты. Мұнда уақыт та шектеулі. Ер жігіттің ептілігі мен мергендігін паш ететін сайыста оза шауып бәйге алған қазақтың қос ұланы әлем чемпионы атағын жеңіп алды.

 

Пікір жазыңыз