Суда жүзушілеріміздің Словениядағы жеңістері

Словенияда суда жүзуден «42th International Swimming Championships TELEKOM 2018» халықаралық турнирі жалғасуда. Екінші жарыс күні қазақстандықтар алты жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды SportX.kz.

200 метрге кроль әдісімен сынға түскен үміткерлер арасында жерлесіміз Анастасия Шатских қола жүлдегер атанды. Бұл дистанцияда словениялық спортшы топ жарса, жүлделі екінші орынға италиялық шебер табан тіреді.

50 метрлік дистанцияға шалқалай жүзуде біздің  Диана Назарованы (29,68 сек) бағы жанды.Еркін әдіспен 100 метрге жарысқан ерлер додасында Әділбек Мусин күміс, ал оның аттасы Әділбек Қасқабай  қола жүледені місе қылды. 200  метрлік дистанцияға шалқалай жүзуден жарысқан қыздар арасында жерлесіміз Анастасия Резванцева мәреге бірінші жетіп, дәстүрлі турнирдің алтын жүлдесін иемденді.

Осы күні қоржынға түскен тағы бір алтын жүлде Айбек Қамзеновтің үлесінде. Айбек 200 метрге шалқалай жүзуден алдына жан салмады.

Пікір жазыңыз